Өлеңдер ✍️
Беташар
Ау, ағайын, ағайын!
Домбырамды алайын,
Күмбірлетіп қағайын!
Бүгін біздің ауылға
қызығыңдар талайың:
таңдай нұрлы көзі бар,
балдай тəтті сөзі бар,
қылығына қарасаң,
өзі шекер, сөзі бал;
жаздай жайлы жамалы,
қиылған қас, қабағы
келін елге бақ болар,
құтты болса қадамы,
ал жақындап келіңдер,
бет ашамын – көріңдер
айдай келін баланы!
Ел ардақтар сыйлыны,
көңіліңе түй мұны.
Басқа ауылдың бір гүлін
бұл ауылдың сүйді ұлы.
Қызға келін болу хақ,
бұл да – Алланың бұйрығы!
265
Осы ауылдың ағасы,
асқар таудай панасы,
елдің алтын жағасы –
үй болды деп немерем,
жайраңдауын қарашы –
анау тұрған қарт атаң,
сыйлап, жақсы көргейсің,
иіліп сəлем бергейсің!
Қырау шалған самайын,
қадір тұтқан ағайын
анау əжең өсірген
жайсаң ұлдың талайын.
Бағам деп жүр əлі де
шөберемнің талайын –
əжемізге бір сəлем!
Елдің даңқын асырған
қайын атаң бір асыл жан,
аярым жоқ ұлдан деп,
осы тойға шашылған –
қайын атаңа, келінжан,
иіліп сəлем еткейсің!
Ұл мен үйдің бейнетін
жастайынан көп көрген –
қайын енеге сүйкімді
бола алмасаң, көктер ме ең?
Осы тойды армандап,
талай түнін өткерген
қайын енеге бір сəлем!
266
Анау Асқар қайнағаң,
қайнаға да – сайлы адам.
Сыйлап жүрсең үлкенді,
аялайды айналаң,
қайын ағаға бір сəлем!
Келген мынау текті елің,
келген елді жатырқап,
уайым
-қайғы шекпегін.
Сыйласар да сырласар
абысының көп сенің.
Келіндікке үйретер
солар болар мектебің.
Əр отаудың əріне,
ағалардың сəніне –
абысынның бəріне
жас келіннен бір сəлем!
Тал шыбықтай бұралған,
шашын өріп сыланған,
ат қояд деп жас жеңге,
бəрі бірдей қуанған –
гүлдей қайын сіңлілер
өзіңменен бір жүрер,
бірге ренжіп, бір күлер,
сіңлілерге бір сəлем!
Бұл ауылдың ұлдары
жұрт қызығар тұлғалы,
жеңгемізді көрсек деп,
көрімдігін берсек деп,
қайныларың – қорғаның,
қайың, талды орманың,
сен де абысын боларсың –
ойластырғын сол жағын,
қайныларға бір сəлем!
Ал, келінжан, келінжан,
сүйкімді бол еліңе,
жарасты бол теңіңе!
Келін – алтын босаға,
келін сырлас, дос, ана,
береке бол, бақыт бол
мынау келген жеріңе,
құшақ ашқан еліңе!
Қадамыңа гүл біткей,
құттықтаймын сені де!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter