Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
195
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo5208474477736868270vapvap.jpg)
Жезқазған
Жезқазған – жыр қайнарым,
мыс балқып қойнауында тулайды ағын.
Көзіндей батыр мінез бабалардың
ұлы – мəрт, қызы –көркем нұрлы аймағым!
Тағып ап ұлы дала сыр-алқаны,
əр таста өткенімнің тұрар табы.
«Ұрпағым, тарихыңды ұмытпа!» – деп.
«Жошыхан», «Алашахан» мұнартады.
Қыздары наз үйірген гүл ерінге,
даналық ұясы бар жүрегінде.
Əн қалқып, жезді өңірден күй төгілсе,
жаныңды тебірентеді киелі аймақ.
Дүниені жайласа да дауылды ағын,
ерлерше сақтап қалған мəнін, жанын.
Жігерін жұқартпаған жезді өлкеде
жер қазып, мыс балқытқан бауырларым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter