Өлеңдер ✍️
Мұнайлы менің мекенім
Армысың,
Атырау іргелім –
мұнайлы жерім, мұңды елім,
арын күй, асқақ жырлы елім,
шырайлым едің, құнды едің,
батырлар жортқан құм, белім!
Бетке алып аптап салқынын,
бейнетке қақтап əр күнін.
Батырлық жұлдыз тақпай
-ақ
намысын бермей халқының,
тыным таппаған жарты күн.
Қара май сорған балтырын
асыл ағалар, армысың!
Армысың, інім жарқыным!
Ғасырды сүйреп сындардан
барады жылжып жыл
-жалған.
Күбімен майды теңдеп ап,
түйемен тасып қырлардан,
үмітін арбап нұрлы арман
бабалар өткен бұл маңнан.
Бұрғылап сорды сұрланған,
құмдарды кезіп шыңдалған
мұнайшы біздің ағалар
қасқайып талай сынды алған!
Майданға беріп мұнайын
Ескене, Ембі – шырайым.
Жарқырап кеше тұрды алдан
Байшонас, Қошқар, Бекбикем,
айырылып асқар тұлғаңнан,
орныңда бүгін құм қалған.
Əділетсіз не еткен бұл жалған!
Тереңде тұнған мұнай көп,
төбеңде тұрған құдай көп.
Көп құдай жүрген жерлерде
тұнықтан гөрі лай көп.
Қызылды көрсе, жем жерге
құзғындар қаптар, құмай жоқ.
Ұластырып таңға түндерін,
сүйретіп жүз жыл сүлдерін
жер астын сүзіп жүрді елім.
Рахат көрмей байлықтан,
жоқтықтан жасып, қаймыққан,
жұтуда əлі түн демін.
Осылар жүдеу жанымды
жегідей үгіп жүр менің.
Мұнайлы елім – ертеңім,
шұрайлы жерім – желкенім.
Ту ұстар əлі-ақ ұлдары
Махамбеттер өскен өлкенің,
толтырып орнын келтенің,
уақыттан алар ел кегін,
жайнайды сонда ертеңің!
Жарқыра бүгін, еңселім,
халқыңа күш бер, бер сенім!
Қуатын шашсын көңілге
«Сарыарқа» менен «Серперің!»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter