Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  170


Автор: Фариза Оңғарсынова

Тоғжанның әні

«Бола алмадым сенің жарың»...
Абай
Бөленгендей аспан нұрға
Күй кешкенмін күнілгері.
Жанарыңнан жасқандым да,
тұла бойым дірілдеді.
Əндей баурап үнің мені,
əлі есімде – бір қарадым.
Əрең тұрған жүгіргелі
жүрегімді тыңдамадым.
Мұнша жақын кім едіңіз?
Махаббат па əлде үміт пе?!
Сездім сонда-ақ жүрегіміз
табысқанын мəңгілікке.
Қарауылда... көктем еді...
Қауышқан сəт... үнің, демің...
Сол кеш үшін сөкпе мені.
«Айым» дедің, «Күнім» дедім.
Қаншама жыл... татып келем
қасіретімнің шекер-балын.
Шын макхаббат уақытпенен
өлшенбейді екен, жаным.
Жаңбыр, шуақ арасында
өтті жылдай түнім кей күн,
теңеп сені бар асылға,
«Абайым» деп күбірлеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу