Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  183


Автор: Фариза Оңғарсынова

Күйзелу

Қадіріңді білмес ортада
қасірет екен күн кешу,
қыжылдар толып қолқаға,
күлімдеген болып тілдесу.
Қонжық ұсқынды бастығың
көсемсіп ақыл үйретсе,
шекеңді шымшып ащы мұң
отырасың дəл бір микеще.
Кердеңдеп орнын бұлдай ма,
қамқорлығы басынан аспаған.
Ақымақ көрінер мұндайға
жалғыз өзінен басқа адам.
Сайрасам сөзбен шоқ шашып,
ел білер су кім, шекер кім.
Тоғышар тоқтар топтасып
тағдырымды шешсе, не етермін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу