Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
158
Қарғыс
Аңқау, даңғой халқың болсын,
алалыққа баулыр қартың болсын.
Анасын сатқан ұлың болсын,
баласын өлтірген қызың болсын.
Елірме, ерме жасың болсын,
есалаң етер асың болсын.
Пайдаға аспайтын пұлың болсын,
балаң ұқпайтын тілің болсын,
аяғыңды аңдыр серігің болсын,
кеуделі, кердең келінің болсын.
Əніңді ұқпайтын немерең болсын,
көгі көктеген керегең болсын.
Досым дегенің өш адам болсын,
адам аттамас босағаң болсын.
Басы бірікпес ерлерің болсын,
дұшпаның сенен зерделі болсын.
Жатқа тапталған жерің болсын,
бірлігі жоқ елің болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter