Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  174


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қара өлең

Мал жақсы, мал иесі есті болса,
шал жақсы, ауыл-елге сесті болса.
Қоралы қойың қоздап жарытпайды,
отардың басы – шыбыш ешкі болса.
Көлденең келген байлық жолдас емес,
қолына қадірі жоқ қолбасы емес.
Аздырар азаматын салақ əйел.
жататын төрінде ожау, жолда – тегеш.
Ел етер əйел үйді жақсы болса,
сөз өтер көк сауыттан, ащы болса.
Адамның, ауыл, елдің жаманы жоқ,
аузына қарата алар басшы болса.
Жаман ұл əзір асқа дайын келер,
тек адал жиған дəулет қайыр берер.
Шын сыйлас көзің жоқта көңілі жоқтап,
жылқыда жүрген жадау тайыңды елер.
Көңілің қош жақсы адамнан досың болса,
тынышың кетер жаман қоңсы қонса.
Қалдырсаң ата-ананың ақ көңілін,
түзеле қоймас сенің көшің де онша.
Жаманды жақсы ат бермес сүйрегенмен,
мисызға сөзің өтпес түйрегенмен.
Асқақтап өскеніңе асқақтама –
тамырың – халқың сенің, имен елден!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу