Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  186


Автор: Фариза Оңғарсынова

Намаз

Көркімен қуат беретін,
кеудеме қышқыл себетін,
көкорай шалғын көк белдер,
көзімнен таса кетпеңдер –
қаусырып келеді от шеңбер.
Қария көкірек қыраттар,
бұрқырап аққан бұлақтар,
құландар ішкен суаттар,
кетпеңдер менен жыраққа,
дүниеден, сендер өтсеңдер,
қирайды бесік – көк шеңбер.
Тəубаға келтірер тауларым,
жаныма қорек саумалым,
жұмақ жамалды бау-бағым,
кереленіп жатыр төріңде ел.
Адамзат араны ашылса,
анасын ас қып, жонын жер.
Құныққан құлқынды пендеге
қанағат бере көріңдер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу