Эсселер ✍️

  04.05.2022
  220


Алишев Данияр

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

  Ұстаз өмірдегі ең өшпес мамандық демекші әр адам баласын білім нәрімен сусындатып,үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі уақыт аралығында өзінің жүректегі махабатын беретін адам.Ұстаздың балаға деген шын ниетпен білім бергені арқасында еліміздің болашағы дамиды деп ойлаймын.Елбасы Н.Ә.Назарбаев-"Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр"-деген.Балаға тәрбие.білім беру әр адамның қолынан келе бермейді.Сондықтан ұстаз болу-жүректің батырлығы деп бағалуға болады.


  Адам баласы білім алу үшін мектепке барады.Ал мектепте адамды ізгілікке баулып,жақсылыққа үйрететін ол-ұстаз.Балаға деген мейірімі шексіз,ерекше көңіл бөліп,білімі арқасында шәкіртті жетілдіретін екінші ана.Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин "Мұғалім-мектептің жүрегі" деген даналық ойы әрбір ұстазды жігерлендіреді деп ойлаймын.Себебі әрбір ұстаз мектептің жүрегі болуға лайықты.Шын ниетпен бар махабатын бере білген ұстаз елдің ертеңіне үлес қосатын,саналы шәкірт тәрбиелей ала деп ойлаймын


  Мен қорытындылай келе ұстаз болу үшін екі нақты қадам керек екенін түсіндім.Біріншісі-                    мейірімділіг,жылулық,жүректегі батырлық болса,екіншісі-жоғары деңгейдегі білім керек деп санаймын.Ұстаз-ұлы есім!
                                             -Алишев Данияр




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу