04.05.2022
  290


Автор: Сая Усенбек

Денсаулық -зор байлық!

“Он екі мүшең сау болса , жұдырық басың ханмен тең “ - деген қазақта халық мақалы бар . Иә, халық айса қалт айтпайды деуші еді . Әсте осы мақал бұл дүниенің бар болмысын ашып тұрғандай .
Денсаулық - адам баласына берілген ең үлкен сыбаға . Адам баласына одан артық қандай бақыт керек . Дені саудың - жаны сау.Денсаулықты - қанша дамыған заманда өмір сүрсек те , қаншама ақы төлесек те сатып ала - алмайтынымыз белгілі .
Ал осы денсаулығымызды сақтау үшін біз не істеп жүрміз? Өзіңізге сұрақ қойып көріңізші. Сіз салауатты өмір салтын ұстанып жүрсіз бе ? Уақытылы ұйықтайсыз ба ? Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе ? Аптасына кемінде 4 сағатыңызды спортпен айналысуға жұмсайсыз ба ?
Әрине дәл осы сұрақтардың барлығына жауабыңыз “Иә “болса қуантарлық жадай . Ал “жоқ” болса ше ?Бұл олқылықтың орнын толтыру қажет. Онда сіз дәл бүгінгі күннен бастай аласыз . Ертеңгі күнді немесе дүйсенбіні күтудің қажеті жоқ . Немесе спорт кешендеріне жазылып , жаңа спорттық киімдерді сатып алудың да әсте қажеті бола қоймас. Дұрыс ұйықтап , уақытылы тамақтану және жаяу жүрудің өзі сіздің дегсаулығыңыздың жақсара түсуіне көп ықпалын тигізеді . Адам ағзасының 65% , ми құрамының 80% судан тұратынын ескерсек , қажетті су мөлшерін қабылдау сіздің сақтау қабілетіңіздің жақсара түсуіне , қан айналымыңзға және ас қорыту жүйеңіздің жұмысын қалпына келтіруге көмектеседі . Ал көкеніс пен жеміс жидектер , сүт - ет , балық өнімдері , бойыңыздағы қажетті дәрумендерді толықтырып отырады . Жаяу жүру, таза ауада серуендеу арқылы -сізге бір сәт болсын күйбең тіршіліктен арылып, өзіңіз үшін игі іс істеуге көмектеседі . Әрине бону ретінде артық салмақ пен жағымсыз (негативтен) ой- пікірден миыңызды тазалауға көмектеседі .

Уақытылы дәрігердің қабылдауына жазылуды да әдетке айналдырған дұрыс. “Ауырып ем іздегенше , ауырмаудың жолын ізде” - деген . Сіз дәрігерге тек ауырғанда ғана емес уақытылы әр 6 ай көлемінде толық тексерістен өткен дұрыс . Сіздің бар байлығыңыз денсаулығыңыз болғандықтан -өз денсаулығыңызға дұрыс қарағаныңыз жөн. Егер сіздің балаларыңыз болса , сіз балапандарыңыз үшін ұзақ өмір сүруіңіз қажет . Ал сіз әлі өзіңіз бала болсаңыз ата- ана үшін баласының денінің саулығынан асқан бақыт жоқ . Сол себепті де құрметті оқырман, сіз өз денсаулығыңызға мән беру арқылы тек өзіңіздің емес, ұлтымыздың да болашағын гүлдендіресіз. Дені сау ұрпақ- ұл болашағы !



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу