Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  303


Автор: Фариза Оңғарсынова

Сырдария

Сырдария, құм басқан қуаң жерде,
арпалыса ұмтылған мұнар-белге,
қанша заман куə боп даладағы
қырғындарға, шаттыққа, жыр-əндерге.
Болсам-ау деп бақытқа, ырысқа құт,
ел қорғаған батырдай қылышты алып,
құм даланың шөлімен алысуда,
жалғыз өзі жапанда ұрыс салып.
Ортайса да Сыр жатыр бұлқып əлі,
шөлейттерге нəр беру – ынтығары.
Қарым күтпей шашуда нəрін, түбі
адалдығын ту етер күн туады.
Оймен тыңда сыры мол Сырдың үнін –
бастағандай жаңа бір нұр ғұмырын.
Жұмыр жердің кіндігі – Сырдария
жатыр жалғап Дала мен Күнді бүгін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу