
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ӘР ШАҢЫРАҚҚА БАҚ-БЕРЕКЕ ТІЛЕДІ
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің барша мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады.
«Бұл – адамзатты қайырымдылық пен мейірімділікке шақыратын, өзара көмек пен жанашырлықты дәріптейтін мейрам. Шын мәнінде, айт кезінде күллі мұсылман қауымы бір-біріне ақжарма тілегін арнауға, айналасына жылу сыйлауға және қамкөңіл жандарға қамқорлық танытуға асығады. Бүкіл әлем аумалы-төкпелі күйге түскен қазіргідей кезеңде мұндай құндылықтардың маңызы зор. Сондықтан айт мейрамының мәні де, мазмұны да ерекше.
Сіздерді қасиетті мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Отыз күн бойы ауыз бекітіп, ораза тұтқан жандарға ниеттеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деймін. Айттан айтқа аман-есен жете берейік. Ораза айт құтты болсын!» деді Сенат Төрағасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇