Әңгімелер ✍️
ЖЕР ЖОМАРТТЫҒЫ - ЕЛ ЕРЛІГІ
«Қазақстан мемлекетке бір миллиард жүз елумиллион пұттан астам астық сатты. Республикаеңбекшілері заңды түрде мақтан ете алатын жаңашеп алынды», – деді Леонид Ильич Брежневпартиямыздың Орталық Комитетінің 1976 жылғыОктябрь пленумында.
Бұл – биік баға. Бұған біз, иә, бүкіл республикаболып қуанамыз, дала болып та, қала болып тамақтанамыз. Әрине, ұлы еңбек дихандардыкі:әрине, алғыс сөзді де, мадақ сөзді де ең әуелі соларғаарнаймыз. Сондай-ақ «кім қанша берді?» дегенсұрақ қойыла қалса, сөз жоқ, Қостанай, Көкшетау,Солтүстік Қазақстан, Целиноград, Торғай, Оралоблыстарын алдымен атайтынымыз да рас. Бірақмиллиардқа өз мүмкіншілігіне, өз жағдайына қарайреспубликаның барша ауданы үлес қосты. Астықүшін айқас қай жерде де – көп берсін, аз берсін –адам қуатын да, техника қуатын да сарқа жұмсатты.Ақыл-ой да, ән-жыр да, тілек пен жүрек те соныңүстінде болды. Жұмысшы ғалым, құрылысшы, өнериесі, қалам еңбеккері – бәріміз болып ат салыстық.Сондықтан «республика еңбекшілері» деген сөздіңбәрімізге қатысы бар. Біз жемісті еңбегімізге,соған орай өзімізге арналған мадақ-мақтау менқол шапалақтауларға мәз риза бола отырып, сонау
орасан табыстарымыздың қайнар көзіне ой жіберудіде ұмытпаймыз.
Әрине, табиғат таршылығы талай кездеспек.Бұл жағынан 1976 жылы да оңай болған жоқ.Әсіресе оңтүстік облыстар қуаңшылық қатыгездігініңзардабын едәуір тартты. Олардың көктемі менжазы сондай болса, астықты аудандардың күзісын болды. Бірақ егіннен тұрақты мол өнім алужөніндегі КПСС XXV съезі белгілеген шаралар,партия мен үкіметіміздің күнбе-күнгі қамқорлығымен жәрдемі өз нәтижесін мықтап берді, бере дебермек. Демек, біз жан-жүрегіміздің ең ыстықалғыс сөзін Коммунистік партияға, Совет үкіметінеарнаймыз. Біз туысқан республикалардан көмеккекелген достарға да көп-көп рахмет айтамыз.
Осындай қуанышты тебіреніс үстінде мен басқабір суретті еске алам.
Мысалы, делікші, бұл март айында,
Бес түйір бидай жатыр қарт алдында.
Шұқылап терезенің ішкі ернеуін
Қолымен «бороздасын» тартады да.
Егеді, бидай бетін жасырады,
Бұл мені демесе де асырайды.
Күтеді күнде оны, мәпелейді,
Беріліп соған жаны, асыл ойы.
Ылғалы терезенің жайма шуақ,
Бергендей бір ғаламат бойға қуат.
Он күнде бидай қарыс көтерілер,
Көк жасыл секілді боп майда құрақ.
Әлгі қарт жасыра алмай таңырқауын,
Толқытып түрлі қиял жан арқауын.
Тұрады ойлы көзбен қарап ұзақ,
Көргендей ұшан-теңіз дән алқабын.
Бала кезімде осындай жәйтке талай куәболғаным бар. Ол не, нанды армандау ма? Әлдеменің ауылдастарым күрделі де қиын дихан кәсібінсолайша игере бастады ма?
Бүгінде миллиардтан кемді місе тұтпаймыз. Алменің әлі есімде:
Бір кезде үзім нанмен жан сақтаған,
Бір кезде үзім нансыз жер соқты адам.
Бір етек бидай ердің құны болды.
Дедік пе кебекті де жаңсақ тағам?
Сондықтан болса керек, жоқ-жітікті көп көргенқазақтар нанды ерекше қасиеттеген. Мен 1976жылғы егін науқанының қызу күндерінде Орал облысында болдым. Соңғы жылдары егіс көлемінарттырып, агротехникалық шараларды жақсартунегізінде бұл өңірдің жалпақ жазығы толқыны тербелген дән дариясына кенелді. Мол астық бергеніүшін Ленин орденімен наградталған облыс.
Оралдықтар өткен, 1976 жылы, алғанміндеттемелерінен әлдеқайда көп – 84 миллион пұтастық берді. Мен барған кезде сөз 75 миллион пұтжөнінде еді. Осы сөз, осы цифр, солдатты атакағакөтерген ұрандай, қаптап қатар түскен комбайншылар армиясын шексіз-шетсіз егін шебіне бастаптұрды.
Шаршадым деген кісіні көргем жоқ. Қай-қайжерде де – ғажап ықылас, ыждағат. Аудандық партия комитеті секретарының кабинетін әскери штабдерсің. Дихандарға қолқабысқа келген қала адамдары, туысқан республикалар механизаторлары,нақты тапсырма алып, дереу-дереу тиісті жерлергеаттанып жатты.
Приурал ауданындағы Жданов атындағы совхозколлективі облыста социалистік жарысқа мұрындықболды. Кубаньдықтардың бастамасын қолдай отырып, бұл совхоз әр гектардан кемінде жүз пұттанөнім алуға, сөйтіп мемлекетке екі миллион пұтастық тапсыруға міндеттенген еді. Кейін оған қоса300 мың пұт берді.
Совхозда астық орағын Социалистік Еңбек ЕріХаритон Алексеевич Тимониннің бригадасы біріншібоп бастады. Бұл комбайн штурвалын қырық жылдай ұстаған кісі.
– Хал қалай, көңіл қалай? – деп сұрадық бізтаңдаулы комбайншылардың бірі, қайың қаптал,орта жас шамасындағы Петр Буньдиннен.
– Көңілге салсаңыз, комбайннан түскісікелмейді, – деп Петр Григорьевич аспанға көзтастады. Жүзінде кенет қобалжу белгісі білінді: бұлтқоюлана бастап еді. Сөйтті де Буньдин:
– Тың жерлердің астығы қалай? – деп бізгесұрақ қойды.
– Жақсы, – дедік біз.
– Е, жақсы болса – жақсы, – деді көңілденіпПетр Григорьевич. – Жұмысты өзімізде бітірісіменбүкіл звено боп тыңға тартамыз. Сірә Қостанайғакөмектесетін шығармыз.
Петр Буньдин күніне елу гектардан орып жүрекен. Звеносының жігіттері де өзіне сай. Осынаужақсы адамдармен қош айтысып, тағы бір тамашакомбайншы, коммунист Канадия Өтеевтің учаскесінежете бергенімізде жаңбыр да төгіп кетті. Анадайжерде совхоз астығын тиеген автомашиналар керуеніөтіп бара жатты.
– Аянып жатқан ешкім жоқ. Әттең, жаңбырболмаса, – деді облыстық партия комитетініңбірінші секретары М.Б Ықсанов. Соны айтты да:– Жоқ, ешқандай «әттеңсіз» міндеттемені сөзсізорындаймыз, – деп, бізге күлімсірей қарады. – Аласып түссек ше?..
Оның столының үстінде екі ақпар жатты: біріастық туралы, екіншісі... жаңбыр жайында. Олардыбізге облыстық атқару комитетінің председателіВ.И.Подъяблонский де көрсетті.
Облыстық атқару комитетінен шықанда тағы дажаңбыр жауып тұр еді. 1975 жылы, аспан балқыпжерге түсердей боп тұрғанда, көктемнен қара күзгедейін бір тамшы тамбаған жаңбыр бұл...
– Өткен жылы біреу осы жаңбырдың төрттенбірін берсе, оған көзінің тірісінде ескерткіш қоюғабар едік, енді... – деп күрсінді облыстық мәдениетбасқармасының бастығы Жайсаң Ақбаев.
Бәрі дұрыс. Бірақ, Владимир Маяковскийайтқандай, «Бәрімізге ортақ ескерткіш айқастардаорнатқан – социализм» болсын. Ісіміз есте қалсын.
Уақыт, сен – ақша емессің,
Жетпейсің, бірақ, сен дағы, –
деп жазған еді ақын Андрей Вознесенский. Солайтқандай, дихандар астық жинауға деген уақыттыңсанаулы екенін жақсы біледі. Егер оны өткізіп алсаң,центнер-центнер, тонна-тонна астықтан айрыласың.Мұны менің туған совхозымда – Тайпақ ауданының«Өлеңті» совхозында есте берік ұстайды екен. Біркезде мен өз ауылым туралы айта отырып:
Ал соның қыр бетінде, даласында,
Шәкір мен Сайқұдықтың арасында,
Толқиды жазғытұрым дән толқыны,
Теңіздей сыймай жатқан шарасына.
Ертеде осы егін айдаған жер
Аталған «жын-шайтандар жайлаған жер».
Тары ексең, таяқтай боп бұта шығып,
Жарлының қалың соры қайнаған жер, –
деп жазған едім.
Міне енді біз сол Шәкірге келдік. Далакорабльдері – комбайндар жүзіп жүр, керуендейқаптаған автомашиналар.
– Көрдің бе, бидай бір түрлі тебірене толқулы,– дейді совхоз директоры Тәтібай Сұлтанғалиевбейнебір адам туралы сөйлеп тұрғандай, тербелгеналтын алқапты нұсқап. Тәтібай – менің мектептесжолдасым, Отанның көптеген еңбек наградаларынаие, Қазақ ССР ауыл шаруашылығының еңбексіңірген қызметкері.
Астық алқабы шынында да терең теңіздейшымырқана толқып жатты. Толқуы желдің ыстықдемінің тиюінен ғана емес, ауа райының әлдеқандайкүрт өзгерісін сезіп тұрған секілді боп көрінді.
Өйткені, астықта адам жаны, оның үлкен еңбегі,абзал үміті бар ғой.
Қырман басы – қауырт жұмыс. Ауылдастарыменбірге Орал педагогикалық институтының студенттері– қыздар мен жігіттер жайраңдап жүріп еңбекетулі. Осы арадан Оралға, элеваторға бағыт алып,автопоездар ағылын кетіп жатты.
– Бұл арадан элеватор 200 километрге жуық,– деп күрсінеді совхоз директоры, соқпақ-шоқалағымол ауыл жолының ақ шаңдағына сүңгіп кетіпжатқан автомашиналарды көзбен шығарып салыптұрып.
Мен бұрынғы мектептес жолдасымның негеқынжылып, нені қиялдап тұрғанын жақсы түсіндім.Бірақ баяғыда жазылған өлеңнің бір шумағын іштейқайталағаннан басқа, қолдан келер көмегім жоқ еді.Ол шумақ мынадай болатын:
Біздерміз, Төке, Тәтібай,
Сыйлыққа, сыйға мұрагер.
Тарланға жүгі татырдай
Тарта бер, ойқой, ұра бер...
Мен аралаған Жымпиты ауданының «Правда»газеті атындағы, «Бұлдырты», «Жосалы»,«Тасқұдық» совхоздары да мемлекетке көп астықтапсырды. Егінші аудан болмаса да Қаратөбенің«Қоскөл», «Шөптікөл» совхоздары да елуелі үлесқосты.
Орал облысының дихандары биік міндеттемелерінреспубликада алдымен орындады. Сол – сол-ақекен, Отан атына жолдаған рапорттар біріне-бірі
жалғаса берді. Әсіресе тың игеруші облыстардыңорасан үлес қосқанын жоғарыда айттым. Сөйтіпмиллиард қамбасын толтырып та үлгердік.
Мен «үлгірдік» деген сөзді әдейі баса айтыпотырмын. Бітік астықты дер уақытында шашпайтөкпей жинап алу оны өсіруден қиын болмаса,оңай емес. Өйткені қапқа, қамбаға түскен астыққана халықтікі. Міне, қуанарлық та, қызығарлық тасол: біз баптауды да, қаптауды да игердік. Мұндаұсталық та бар, ұйымдастырғыштық та бар, мұндаеңбек те бар, ерлік те бар. Осыған орай, КПССОрталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесіҚазақстан Компартиясы Орталық Комитетініңбірінші секретары Д.А.Қонаев жолдастың Кремльдеөзіне Ленин ордені мен екінші «Орақ пен Балға»алтын медалі тапсырылғанда айтқан мына бір сөзіеске түседі:
«Мен бұл жоғары бағаны өзім қатарында міне40 жылға жуық болып отырған сүйікті партиямызғаберілген баға деп білем. Бұл жоғары бағаны мен біздіңКоммунистік партияның еркін орындай отырып,КПСС-тың тарихи XXV съезінің шешімдерін жүзегеасыру жолында қолдарынан келгеннің бәрін жасапжатқан көп ұлтты Советтік Қазақстан еңбекшілерінеберілген баға деп білемін».
Иә, бір кезде ылғал терезе ернеуінде бойкөтерген бірнеше түйір дәнге қарап тамсанғандардыңұрпақтары, бүкіл республика еңбекшілері бүгіндеалтын астық теңізін шалқытып отыр. Қазақ даласыжомарттық көзіне айналып, мыңдаған жылғықытымырлықтың есесін қайырып отыр. Менің оғаншын масайрап, перзенттік жүрекпен айтарым:
Жүйрікке де жүк түсер шабан үшін,
Жақсыға да тіл тиер жаман үшін.
Кешіре гөр, жан Дала, жомарт Дала,
«Қу Дала» деп қарғаған заман үшін.
Жатыр енді қағанақ қарық болып, :
Жатыр енді сағанақ сарық болып.
Жер бетінде жайқалған маржаныңды
Жиысады ел болып, халық болып.
1977
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter