Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.05.2022
350
Айнаның естелігі
Өзге еркім жоқ.
Жоқ менің өзге үмітім –
Тым болмаса көрінші көзге бүгін.
Бірақ бәрі бекердей...
Босқа сүртем
Бұл айнаның шаң басқан естелігін.
Тереземнің көзінде жасқа айналып,
Түнде көрген түсім тұр мұздай болып:
– Қашан сізден айрылып қалдым екен?
Қашан сізге қосылам?
Басқа ой – ғаріп.
Сізсіз атқан таңым да мұздан тіккен,
Айна алдында киетін тозған шекпен.
Үнемі оның қараңғы қалтасынан,
Хат іздеймін түн кешіп сізден жеткен...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter