Әңгімелер ✍️
АЙЛАЛЫ АЖАЛДЫ ЖЕҢЕДІ
Қалықов Есқайыр асқан айлалы мерген. Оныңайлалары көп-ақ. Бәрін айтып бітіре алмайсың.
Бір күні Есқайыр кезекті тосқауылға шығып, жаяуәскер окоптарының қасына орналасты. Бір уақыттаарт жақтан ыңыранған біреудің даусы шықты.Есқайыр еңбектеп сол жерге келді. Жұмалиев дегенқазақ жараланған екен.
– Қайдан атты, көрдің бе? – деді оған Есқайыр.
– Көре алмадым, әйтеуір жоғарыдан атты, –деді Жұмалиев.
Қалықов жаралының жарасын таңып,медсанбатқа жіберді де, оның қасындағы жолдасына:
– Мен ана жерге барып аңдиын, сен мына касканы окопта жатып таяқпен жайлап жоғары көтер,– деді.
Есқайыр, көз айырмастан, немістер жаққақарады. Манағы жауынгер касканы көтерді. Немістержақтан атыс естілді. Оқ каскаға тиді. Жауынгеркасканы екінші рет көтерді. Неміс екінші рет атты.Есқайыр ағаштың басындағы неміс «көкегін» бұлжолы анық көріп қалды. Дәл көздеп бір атқанда-ақнеміс ағаштан құлап түсті.
– Снайпер болу оңай емес, – дейді Қалықов. –Снайперлік өнер – аса қиын өнер. Снайпердің негізгіміндеті: дұшпанның снайперлерін, офицерлерін,бақылаушыларын, зеңбірек және пулемет расчеттарын, төмен ұшып бара жатқан самолеттерінжою. Снайпер тосқауылға шыққанда өте сақ болуғатиіс. Жатқан орныңды ешкім сезбейтіндей болсын.Бір орында жатып, бірнеше рет ату жарамайды.Немістердің қандай айла қолданатынын да білуқажет. Айбар керек, әл керек. Ақыл керек, айла керек. Айлалы ажалды жеңеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter