Эсселер ✍️

  30.04.2022
  118


Туған өлкем-Қызылордам

Жарылқасынқызы Самал


Туған өлке туралы айтылғанда кең байтақ Қазақстан,оның ішінде ақынға жыр,халқына сыр болған,әсем де,көркем туған жерім ҚЫЗЫЛОРДА өңірін мақтанышпен айтқым келеді.


Ата-бабамыздың қасық қанымен, жаужүрек ерлігімен елімізді,жерімізді ұрпаққа мұра етіп қалдыру, зердесіне құю, санасына сіңіру,туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, біздің қазақ деген ұрпақтың азаматтық борышы деп білемін.Сыр өңірі тоғыз жолдың торабын түйістірген,жаугершілікте халқына қорған болған қасиетті өлке.


Сыр топырағы –табиғи және қазба байлықтардың қалың ордасы. Арал төңірегіндегі мұнай мен тұздың көздері, «Құмкөл» мұнай кеніші, Шиелідегі уран кеніші, Шалқиядағы түсті металдар кеніші,Шиелідегі күріш алқабы бәрі-бәрі сөзіміздің айқын дәлелі. Сыр өлкесінің халқы «Сыр күріші-ел ырысы» деп өзінің ақ күрішімен әлемге әйгілі.Қаламызда жыл сайын сан мыңдаған тонна күріш өндіріліп,ел ырысына айналуда.Ақ күріштің атасы атанған,атақты диқаншы,екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жахаев атамыз күріш өсіру туралы үлкен мұра қалдырып кеткен.Ең бастысы қаламызда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары берік сақталған.


Ел мақтанышына айналған Сыр өңірі жайлы қаншама ақындарымыз өз жырларын,әндерін жазып қалдырған.Мысалы: Т.Қалауовтың «Қызылорда вальсі», М.Сыздықовтың «Сыр гүлі»,Б.Ахметованың «Сүйем сені,Сыр елім», Р.Таймановтың «Қызылордам-туған жерім» т.б ақын-жазушылар жырлаған өлеңдері  Қызылорданың әсем бейнесін айшықтайтын әуендер көптеп кездеседі.


Жылдан жылға облысымыз бен оның орталығы Қызылорданың әлеуметтік –экономикалық деңгейі алға дамып келеді.Соңғы үлгідегі зәулім үйлер бой көтеріп,қаламыздың көркін одан әрі көркейтіп жатыр.Сырдария жағалауының оң жақ бетін абаттандыру арқылы көптеп зәулім үйлер бой көтеруде.Оның аумағы қазіргі заманға сай жабдықталып жатыр.Жаяу жүргіншілер мен велосипед  тебуге арналған жолдар да қарастырылған.Халықтың демалуына жағдай жасалынып,түрлі сауықтыру,демалу орындары жасалынған.Өзге де келетін қонақтарға қажетті демалыс орындары бой түзеп жатыр.Бұл жұмыстардың барлығы біз үшін,халық үшін,ел үшін жалпы Қызылордалықтар үшін жасалынып жатқан еңбектер.  Мен осы өлкеде дүниеге келгенімді мақтанышпен айта аламын.Қаламыз мәңгі жасай берсін.Қызылорда қаласының 200жылдық мерейтойы  жоғары деңгейде кыркүйек айында аталып өтпекші.Қазірден бастап туған жеріміздің дүбірлі тойын тойлауға Қызылордалықтар бел сыбана кірісіп кетті.Мұқағалидың мына бір шумақ өлеңімен өз сезімімді аяқтасам:


            Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,


           Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.


           Мен оның қасиетті тілін сүйем.


           Мен оның құдіретті  үнін сүйем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу