Эсселер ✍️

  29.04.2022
  241


Алғыр тәрбиеші- алғыр бала

  «Сыр жұлдызы» балабақшасының


Педагог-психолог: Байымбетова О


Тәуелсіз қазақ еліміздің бүгінгі құдіреті, болашағының кепілі – балабақша десек, сол ботақандар әлемінде жас жеткіншектерді тәрбиелейтін , білім беретін — ол тәрбиеші-педагогтар. Тәрбиеші педагог пен балалардың еңбегі ұйымдастырылған оқу қызметтерден, жыл барысында өткізілетін әртүрлі конкурстардан, өткізілетін біліми іс- шаралар арқылы бағаланатыны бәрімізге мәлім. Осыған орай білім кеңістігіне инновациялық-технологияларды енгізу, білім қызметінің сапасын жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибелермен алмасу , өз ұжымының жетістіктерін және дарынды балалардың деңгейдегі жеңістерін көрсету тек менің ғана емес, әр педогогтың негізгі мақсаты болса керек. «Жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі құзіреттілік» – деген бағыттардың мазмұнын ашатын «Тәрбиеші педагогтың кәсіби құзіреттілігінің жаңа моделін» қолдануымызға болады. Ол дегені педагогикалық кәсібилікке сай ,жеке тұлғаның даму деңгейіне диогностика жасай алатын педагогтың жұмысы.Бұл жұмыстар жас шамасына қарай қолданатын әдіс-тәсілдер.Осы әдіс –тәсілдер арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыта аламыз,болашақ танымдық,тәжірибелік іс-әрекетке дағдыландырамыз. Онда балабақшамыздағы білім немесе ұйымдастырылған іс-әрекеттер және тәрбие беру, психологиялық қызмет көрсету, сапалы, жүйелі, тұжырымды түрде жоспарлануы қажет. Ғылыми орталықтарда түсініктер енгізу, заттық дамыту орталықтарында мазмұнды ойындарды дұрыс ойнату , интелектуалдық конкурстар, музыкалық және спорттық ойындардың барлығы балаларда үлкен әсер қалыптастырады. Көрмелер ұйымдастыру, ата-аналарды оған қатыстыру — отбасында және балабақшада жеке тұлғаның қалыптасуына көмектеседі. Бала тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы байланысты сезінеді де ,өзі де ұжымшылдыққа талпынады. Психологиялық тренингтерді балалармен бірге және ата-аналарды қатыстырып, сонымен қатар ұлттық жобамен жұмыс жасасақ , көздеген мақсатқа жетеміз деп ойлаймын.Мақсатымыз:баланың жеке тұлға ретінде дамуы.Театрландырылған қойылымдарын қоюға болады. Қойылымдағы балалардың кейіпкерлерді сомдау шеберліктеріне сүйсіне отырып, болашақта олардың әлемге танымал өнер тарландары болатынына жол бағыттауымыз қажет . Еліміздің ертеңі — жан жақты дамыған, білім бәсекесінде қабілетті, рухы мол жас ұрпақ қолында екеніне көз жеткізіп, «Алғыр педагог» болуға және «алғыр баланы» тәрбиелеп шығаруға ұмтылайық!


Адам біраз өмір кешіп, бел-белестерден асып жатқанда, артына, жүріп өткен жолына бұрылып қарайтын кездері болады. Мен де сондай артымда қалып жатқан жылдарға мойын бұрып қарасам, өмірімнің текке өтпей жатқанына қуанып, қайта жігерлене бастаймын.Өйткені, өзімнің балалар тәрбиесіне үлесімді қосып, аялы алақанымның , жүрегімнің ыстық лебізін кішкентай бүлдіршіндерге сыйлайтыныма іштей қуанамын. Неліктен боларын білмеймін сонау желкілдеген құрақтай,бүршігі ашылмаған жас шыбықтай шағымда осы бір мамандықты таңдағаныма өкінер емеспен .Бұл мамандық менің мақтанышым, бақытым,келешегім.Келешегім демекші , алдағы өмірімді балалармен байланыстырмай елестету қиын , ал сол балаларды болашаққа нағыз азамат етіп тәрбиелеу ата – ана мен тәрбиешінің ең бірінші міндеті деп ойлаймын. Екі аралықта жарасымды жылылық пен татулық болса, кез келген мақсатқа жету қиынға соқпауына кәмілмін. Осындай кілбіржің заманның кезінде ойыңды сан-алуан сұрақтар мазалап жүргенде, осы бір балғын бүлдіршіндер ошағы балабақша табалдырығын аттай салысыңмен сәби күлкілерімен бүкіл жан дүниең жайнап, өзіңді мазалайтын ойларды ұмытасың. Осындай тәрбиеші бақытына кенелгеніңе қатты қуанасың. Мектепке дейінгі жастағы балаларға алғашқы тіршілік әрекетінің алуан – түрлі тәрбиесінің өз жанұясынан ауысатыны , жалғасы балабақшамен байланысатынына бәрімізге таныс . Яғни, бала тәрбиелене отырып, білім де алады. Білімді беруде тәрбиеші әрбір баланың ішкі жан дүниесіні мінез – құлқын үйреніп болғанда ғана жақсы нәтижелерге жетуге болады. Еңбегіңнің жемісі көрініп, көздеген мақсатқа жете бастайсың. Жаны таза, тәрбиелі, мәдениетті адам ғана өзгелерге үлгі, мақтаныш бола алады. Мен де өз мамандығымның атын ақтайтын , өз мамандығына шынайылықпен қарайтын жандардың қатарынан орын алғым келеді , жалған мен шынайылықты жүрегімен сезетін , көңілі пәк жас бүлдіршіндер менің жылуымнан нәр алса , болашаққа нақты қадам басатын, өз – өзіне сеніммен қарайтын азаматтар болып өссе, сол менің арманымның орындалғаны деп түсінемін. Бүгінгі күннің тәрбиешілерінің басты міндеті,соның ішінде өзімнің де басты міндетім әлемдік өркениетке ұмтылып,дүниеге іргелі ел ретінде танылып, тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстанып отырған қазақстан Республикасының болашағын тәрбиелі ,білімді, білікті, саналы азамат етіп тәрбиелеу..Ел қамын ойлайтын, өз ұлтының атына кір келтірмейтін ,намысшыл ,жігерлі етіп тәрбиелеп өсіру ,олардың бойына сол қасиеттерді сіңіру бұл бәріміздің жүмыла,етене араласып жұмыс жасауды талап етеді.Мен болашағымызды тек қана сондай азаматтармен елестеткім келеді.Ол үшін қоғамға өз үлесімді қосып, ат салысқым келеді.Өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы осы мамандық-менің болашағым ,менің бақытым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу