28.04.2022
  513


Автор: Жеңіс күні

9 мамыр жеңіс күні

       Бүгін Ұлы жеңіс күні. Дәл осы күні қаншама жылдар бұрын «біз жеңдік» деп бар әлемге жар салған күн осы «Жеңіс күні» болатын. Соғыста жүрген майдангер аталар үшін бұл күн қуантатын, соғыста қайтыс болған замандастарын еске алып мұңаятын күн болып есептеледі. Өйткені олар соғыс көрді, соғыстың барлық зардабын жүректерімен сезіне білді. Елге аман-есен оралған ардагер аталар бізге, яғни өскелең ұрпаққа соғыстың бар ауыртпашылығы мен қиындықтарын айтып, соғыс жылдары бастан кешкен әрбір күні қалай өткені жайлы баяндап, «енді сендер осы бейбіт күннің ұрпақтарысыңдар, енді мұндай соғыс болмасын» деп көздеріне жас алады. Расында да, олар үшін бұл жайлы айтып, бұл жайлы сөз ету өте ауыр екені сөзсіз. Жыл өткен сайын соғысқа қатысып, елімізге аман-есен оралған ардагерлер саны да азайып бара жатқаны сөзсіз. Тіпті қазіргі таңда бірең-сараң болмаса ардагерлердің барлығы келместің кемесіне мініп кеткенін байқаймыз. Қазіргі таңда, сол сұрапыл соғыс жылдары тылда еңбек етіп, таңның атысы мен күннің батысына дейін бел жазбай жұмыс жасаған ардагер ата-әжелеріміз бар. Олардың да ел үшін жасаған еңбектері орасан деп айта аламыз. Олар да соғыстың ащы зардабын сезінген жандар. Пошта арқылы хат келсе «қаралы хабар болмаса игі еді» деп жандарын шүберекке түйіп, жақындарынан хат келсе «амандық хаты» келсе екен деп тілеп жүрген жандар осы тыл ардагерлері болып табылады. Тыл ардагерлерінің де айтарлары өте көп. Майлангер ардагерлер сезінген сол ауыртпашылықты сезіне білген жандар осы тыл ардагерлері. Қазіргі таңда әрбір жеңіс күні осы тыл ардагерлерімен кездесу өткізіп, кеулелеріне медаль тағып, өкіметтің арнайы бөлінген ақшаларын беріп, құрметтеп жатады.
      «Жеңіс күні» деп аталатын осы бір атаулы күннің ішінде көптеген сүйіншілеген қуаныштар мен жақындарын еске алып, мұңаятын жандар, ардагер аталарының ерліктерін мақтан етіп айтып жүретін ұрпақтар үні бар. Бұл жеңіс күні ешқашан аталмай қалмайды, әні де бар, жыры да бар, мұңы да бар Ұлы жеңіс күні «мәңгілік» атаулы күн болып тарихқа аты жазылған күн екені сөзсіз...

«Ғажайып Қазақстан — 2050» журналының бач редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу