Эсселер ✍️
Жаңартылған білім беру мазмұны туралы
Біздің еліміздің Конституциясында : « Еліміздің ең қымбат қазынасы – адам» деп жазылған. Қазақ халқы өз ұрпағын тәрбиелеуге әрқашан үлкен мән берін отырған. Баланы жастайынан тәрбиелегенге үлкен мән берген және де әже тәрбиесін көрген бала ең тәрбиелі болатынына кәміл сенген.
Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында егемен елімізде білімнің маңыздылығына жоғары баға беріліп отыр және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – қазіргі заман талабына сай келешек келетін бағдарлама. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында білім беру жүйесі үлкен рөл атқаруда. Заман талабына сай,әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдалануда, сабақ тартымды, мәнді, тиімді болуда. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін терезесін тең ететін — білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойған. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – елімізде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары білім алушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім жүйесі сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, ойын жетік айту, зерттеу жұмыстарын жүргізу,тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым- қатынасқа түсу,жеке,жұппен,топта жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетініне берері көп екенін байқалады. Жаңартылған оқу бағдарламасында алған теориялық білімімізді тәжірибемен ұштастыру – біздің міндетіміз. Жалпы алғанда, білім саласындағы бұл жаңашылдық – әлем дамуының бірден-бір сатысы. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына мүмкіндіктер ашады. Бағалаудың өзі қалыптастырушы және жиынтық барлық пәндерде қолданылады. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Жоспар бойынша спиральді әдіспен орналасқан және бір – бірімен тығыз байланыста. Жаңаша білім беру бағдарламаның мәні-баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Білім алушы алған білімдерін өз өмірінде қолдана білуін қалыптастырады. Қорыта келгенде, ұстаз тарапынан бұл бағдарламаның жаңашылдығымен бірге әр ұстаздың бойында шығармашылыққа толы, заманауи технологияны саналы түрде оқып-білуді, көп жаңалықты үзбей кәсіби шеберлікті жиі пайдалануды талап етеді. Білімнің шексіз жаңалықтарын орынды, тиімді іске асыру жолдарын тиянақты орындауға болады. Біз бүгінгі міндеттерді жүзеге асыру арқылы Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз. Шәкірттің білімді болуы — ұстаз қолында».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter