Эсселер ✍️

  26.04.2022
  124


Менің мамандығым

Өмірде мамандықтың түрі өте көп.Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар.
Әр адам мамандықты өз жүрек қалауы бойынша таңдайды.Себебі адамның болашағы-таңдаған мамандығына тікелей байланысты.Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді.
Менің мамандығым-мұғалім.Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым.Мектеп-балалардың екінші үйі болса,ал ұстаз екінші ата-анасы болып есептеледі.Баланың тілін тауып,тілдесу жақсы тәрбие берудің өзі үлкен ғанибет.Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпайтындай болуы қажет.
Ең алғаш «ұстаз» деген атаққа мен өзім оқып,бітірген №60 Жақсылық Түменбаев атындағы орта мектепте ие болдым.Өзімнің алтын ұям,өз ұстаздарым және оқушыларым менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосуда.
Әр баланың жүрегіне жол табу,балалармен өзара тіл табысу, жақсы қарым-қатынаста болу-мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу