Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  170


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Алтыбақан

Мен қызықпан алтыбақан тепкенге,
Ерте кезден оралмасқа кеткенге.
Әткеншек-сым тербетеді мені енді,
Аулап көңіл сайранға бұл жеткенге!
Көрмедім мен сәнін алтыбақанның,
Естігем жоқ тербелген әнін Ақанның.
Паркте мен парашютпен секірдім,
Үстінен қарап әткеншектей тапалдың!
«Алтыбақан» құрған жерге барғанда,
Тұрады ақ тас ұқсап бәйге-тарланға.
Жылайды шал Ақбоз атты еске алып,
Мен ұқсатам оны тозған арманға!
Мен қызықпан алтыбақан тепкенге,
Алты ағашты арқанға жеке жеккенге.
Мен өкінбен, басқа ойынға жетілдім,
Бозбас кезім Ресейде өткенде!..


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу