Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  124


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕНДЕШЕ МҰНДАЙ СҰМПАЙЫ


Белдері шықпай бесіктен
Ер салған қайқы беліне.
Бас сұқпай жатып есіктен
Салмағын салған еліңе.
Тізгінге қолы жеткенде
Қарай ма ата тегіңе.
Тепкілеп жұмсап тектіңді,
Күн көрсетпес асыл еріңе.
Қасірет, қайғы егеді,
Ектірмей егін жеріңе.
Өзіңді булап өлтірер
Маңдайдан аққан теріңе.
Үн қосып қалай тыңдасын
Көңілдің шертпе шеріне.
Ендеше, мұндай сұмпайы,
Жайғасқан жұртты төріне,
Тықпасын неге көріне?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу