Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2022
158
Шолаққорған
Тексерсем бастан кешкен жылыңды мың,
Тауса алман айтып жылдың зұлымдығын.
Тарихтың таңбасына дүрбі керек,
Қатпарын қателеспей ұғынды кім?!
Қаншама зынданыңа ер қамалды,
Жарасыз жүрегіне шер жамалды.
Бүгіннің бағасын сен пайымдарсың,
Түсірсең еске сонау кер заманды.
Маңыраған медіресенің өжіресі –
Өткен бұл бір дүниенің шежіресі.
Іздесе асалылар дәуренін сол,
Иреңдер шала-жансар емілесі.
Дайындап жауға мола қазған ордан,
Көрмеген боп тұр соны Шолаққорған.
Мәһалла бүгесінен жерге шөккен,
Айнала сыбдырлайды сәмбілі орман.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter