Эсселер ✍️
7 мамыр Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Әр жыл сайын 7 мамыр күні мереке ретінде аталып өтілетін «Отан қорғаушылар» күні құтты болсын! Дәл осы күні еліміздегі әрбір отбасының тірегі болып саналатын ер азаматтарға құрмет көрсетіліп, мерекемен құттықталынады. Расында да ер азаматтар біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады. Олар бірімізге әке, бірімізге аға, енді бірімізге іні, адал жар емес пе? Оларменен өміріміз толық қанды екені айтпасақта белгілі дүние. Оларды құрметтеу, оларға қарсы шықпау біздердің оларға деген құрметіміз бен шынайы ілтипатымыз болып табылады. Ер адам отырған жерде әйел адам дастарханға бата бермеген. «Ел үшін туған ерлердің, Алды-арты дария кең болар» — деп Жамбыл атамыз айтқандай, ел үшін туған ерлеріміз барда, ел үшін алаңдайтын сіздердей ер азаматтарымыз барда көңіліміз тыныш, өміріміз мәнді болары сөзсіз.
Ерлер жайлы айтарымыз көп біздің,
Оларменен ісіміз оң тек біздің.
Жаса, жаса қазағымның ерлері,
Жалғасындай ата-баба текті іздің —
Деп сөзімді қорытындылай келе барша ерлер қауымын, барша әскери қызметте жүрген ерлер қауымын бүгінгі 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! «Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар, Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар» — деп Асан қайғы айтқандай, бақыты мен дәулеті үйлесім тапқан ерлер қауымы көбейіп, ел алдында абыройлары артып, ел үшін қызмет етіп, көш бастап жүре берсін! Жаса, жаса қазағымның жігіттері! Болашағын жарқын етер үміттеері!
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter