Эсселер ✍️
Отан қорғаушылар күнімен
7-мамыр Отан қорғаушылар күні. Бұл күні Қазақстан елінде тұратын бүкіл ер адамдар мен отанға қызмет етіп жүрген игі жандар құрметке ілініп, мерекемен марапатталады.
Осы күні әр жылы ұйымдастырылып жатқандай, Отан қорғаушылар күнінде түрлі құттықтау рәсімдері өтіп, мерекелік көңіл-күй айналаны нұрландыра түседі.
Сонымен қатар, президентіміз Отан қорғаушылар күнінде батылдығымен көзге түсіп, елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген әскери қызметкерлер мен тылда жұмыс жасап ел теңдігі үшін, ел тынышы үшін екбек еткен жандарды марапаттайды. Бұл күн расында да атаулы, естен кетпейтін ерекше күн. Жанымызға жақын жандарды әкеміз бен аға-інімізді, бауырларымызды мерекемен құттықтау біз сияқты қыз-келіншектердің міндеті деп білем. Қазақта жалры ер адамдарды әйел адамнан биік қойған, Ер адамға деген құрмет жоғары болған. Анадай жерде ер адам келе жатса алдынан кесіп өту әдепсіздік болып саналған. Осындай тәрбиемен өскен мына біздің ер адамға деген құрметіміз ұшан-теңіз. Ер адамды құрметтегеніміз өзімізді құрметтегеніміз, олардың жүмысы жүріп жатса біздің де жұмысымыз жүріп, оңынан болады деген сенім бар. Сондықтан ер адамды құрметтеу әрбір әйел адамы үшін парыз болып табылады.
Әрбір үйдің тірегі, әрбір үйдің жүрегіне айнадған ер адамдар аман болсын дей келе құрметті Қазақстан елінде тұратын әрбір үйдің отағасы мен ұлдарын, Қазақстан қарулы күштері мен отан қорғаушылар азаматтарын бүгінгі келіп жеткен Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Абыройларыңыз асқақтап, мерейлеріңіз үстем бола берсін! Еңбектеріңіз жемісті болып, үміттеріңіз ақтала берсін! Еліміз бен жерімізде тек қана тыныштық орнап, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter