Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  157


Автор: Рафаэль Ниязбек

БАЙҚАҒЫН

Жаныңнан безіп түңілме,
Жаралсаң егер намыстан.
Халықтың жауын бүгінде,
Сарсылма іздеп алыстан.
Дұшпан көп жүрген тасаңда,
Ой кешіп талай тарықтың.
Халықтың жауын қашанда,
Ішінен ізде халықтың.
 Қанжарың бар ма – қайрағын,
Қапыда соғып бүрмесін.
Сол жаудың бірі, байқағын,
Қасыңда сенің жүрмесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу