21.04.2022
  334


Автор: Шерубай Құрманбайұлы

Қазақ тілін барша қазақстандықтардың білуі міндетті

Күлтегін, Тоныкөк заманында қазақтардың ата-бабалары төл жазуын қолданған. Тіл ғылымында «көк түріктер жазуы», «сына жазуы», «ру- никалық жазу», «тас қашау жазуы» атанып жүрген бұл жазудың тарихы тереңде жатыр. Көне түркі жазуын зерттеуші ғалымдар сына жазуы біздің заманымызға дейінгі V-ІІІ ғасырларда пайдаланылғандығын атап көрсеткен. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерде сына жазуы славян-кирилл



*Астана қаласында дəмхана атауына байланысты дау туындағанда Ақсе- леу Сейдімбек, Шерубай Құрманбайұлы, Фариза Оңғарсыновалардың мəселеге қатысты пікірлері қатар берілген.


 


жазуынан 15 ғасыр бұрын ал грузин жəне армян жазуынан 10 ғасыр бұрын пайда болғандығы айтылады. Қазақ тілінің түп тамыры болып табылатын көне түркі тілінде жазылған орхон-енисей ескерткіштері бұ- дан үш жүз жылдай бұрын табылған. Ғалымдар бұл тастардағы ата-ба- бамыз мың жарым жылдан артық уақыт бойы қолданған 24 руна əрпінің қазақ тіліне мейлінше сəйкес келетіндігін айтады.


Кейіннен жаулап алушылар күшпен руна жазуын араб жазуына ауыс- тырды. Бұл жазуды да түркі тектес халықтар мың жылға жуық пайда- ланды. Бірақ арабтың жазу жүйесі қазақ тіліне ыңғайсыз болғандықтан, қазақтың ғұлама ғалымы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1924 жылы оның негізінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сəйкестендіріл- ген жаңа əліпбиін жасады. Ахмет Байтұрсынұлы жасаған əліпбиді Қытай Халық Республикасында тұратын бір жарым миллионнан астам қазақ əлі күнге дейін пайдаланып келеді.


1929 жылы қазақ жазуы латынға, ал 1936 жылдан бастап бұрынғы Кеңес одағындағы түркі халықтарының барлығы кириллица негізінде жасалған жаңа əліпбиге көшірілді. Қазақтар бұл əліпбиді 1940 жылы қабылдауға мəжбүр болды. Соңғы жетпіс жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанда жарық көрген біздің негізгі кітап қорымыз, мерзімді ба- сылымдарымыз осы кирилл жазуымен жазылған Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінде 19 дауыссыз, 5 дауысты, барлығы 24 дыбыс бар десе, ки- риллицаға көшкеннен кейін оның саны екі есеге жуық артып, қазақ əліп- биі 42 əріптен тұратын болды. Ол таңбалардың бірқатары біздің дыбыс- тық жүйемізге тəн емес, басы артық кірме сөздерді орыс тіліндегідей етіп бұлжытпай жазу үшін алынғандығын қазір фонолог, фонетик ға- лымдар айтып та, жазып та жүр.


Қазақ ұлты қалыптасу кезеңінде қазақ тілі күнделікті ауызекі сөйле- су процесінде, сонымен қатар ауызша ақындық шығармашылықта пай- даланылған. Ал жазба тілдің қызметін Орта азия мен Қазақстанның ау- мағында көптеген ғасырлар бойы қолданылған əдеби түркі тілі атқарған. Сөйтіп, қазақ əдеби тілінің қалыптасуына, бір жағынан ортақ əдеби дəстүрдің сақталуына əсерін тигізген болса, екінші жағынан, қалыпта- сып жатқан тілге ауызекі тілдің лексикалық жəне грамматикалық эле- менттерінің кеңінен таратылуы ықпал етті. Бұл кезеңде іс-қағаздарында, хат жазысуда, көркем əдебиетте қолданылған тіл (ХVІ-ХІХ ғ.ортасы) ескі қазақ əдеби жазба тілі деген атау алды. Қазіргі қазақ əдеби тілі ұлты- мыздың ғасырлар бойғы даму, өркендеу тарихымен бірге қалыптасқан.


Қазақ тілі Түркі тілдер тобының Батыс ғұн бұтағының қыпшақ тобы қыпшақ-ноғай топшасына жатады. Ол топшаға ұқсастығы жағынан қа- зақ тіліне анағұрлым жақын қарақалпақ жəне ноғай тілдері де кіреді.


Қытай, Монғолия, Ресей, Өзбекстан сияқты қазақ диаспорасы көбірек тұратын елдерде қазақ тілінде білім беретін мектептер бар. Ұлт тілінде оқытатын мектептер болмағанмен, Түркия, Германия, Франция, Иран сияқты бірқатар мемлекеттерде қазақ диаспорасы тұрады. Шет елдерде тұратын қазақтар арасында да ана тілін білетін, сондай-ақ тарихи отаны, атамекені Қазақстан жөнінде жан-жақты мəлімет алып, оны өз көзімен көргісі келетін ата-бабасының салт-дəстүрімен танысуға, оны сақтауға мүдделі азаматтардың болуы да табиғи нəрсе.


Қазіргі қазақ тілі – көркем əдебиет стилі, ғылыми стиль, көсем- сөз стилі, ауызекі сөйлеу стилі сияқты стильдік тармақтары айқын ажыратылған əлемдегі дамыған тілдерге жүктеуге болатын тілдік қызметтің барлығын да атқара алатын ұлттық əдеби тіл. Жалпы адамзаттық мəдениеттің бір бөлігі, ал қазақ ұлтының ең басты байлығы, қазыналы сарайы, ең асыл мұрасы болып табылатын қазақ тілін білу, дамыту, оны көзінің қарашығындай сақтай отырып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – өзін қазақпын деп санайтын əрбір азаматтың қасиетті пер- зенттік парызы. Ал мемлекеттік тіл ретінде оның сол заңды мəртебесіне лайық қызмет етуін қамтамасыз ету – осы тілді мемлекеттік тіл ретінде ресми жариялап, Ата заңмен мəртебесін белгілеген мемлекеттің тікелей міндеті. Сонымен қатар осы мемлекетте тұрып, өзін осы елдің азаматы- мын деп санайтын əрбір қазақстандықтың тегі мен ұлтына қарамастан бұл тілді білуі, оған құрметпен қарауы да оның міндеті əрі азаматтығы- ның белгісі.


«Қазақстан жастары» газеті.


сəуір-мамыр, 2005 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу