21.04.2022
  364


Автор: Шерубай Құрманбайұлы

АСЫҒУ КЕРЕК

 


Мемлекеттік мəртебеге ие болған тіліміздің əлі де болса қоғамдық өмірімізде кең қанат жая алмай жатқаны бəрімізге белгілі. Іс қағаздарын жүргізу, байланыс бөлімдерінің жұмысы, сауда-саттық орындарындағы, т.б. халыққа қызмет көрсетудің толып жатқан салаларындағы мардым- сыз тірлігімізден осыны аңғаруға болады. «Əркім өз қотырын қасып» отырған кезеңде төл тіліміздің қолдану аясының кеңеюіне, өрісі кеңіп, өркендей түсуіне өз халқымыздан басқа ешкімнің де бел шешіп кірісіп, атсалыспайтынын ашық айтқанымыз абзал. Осы орайда қоғамдық көлік- тердегі хабарлама жасау мəселесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Бастапқыда бұл іс жап-жақсы қолға алына бастап еді, көп ұзамай «таз қалпына» қайта көшті. Бір қарағанда онша мəні жоқ нəрсе сияқты болға- нымен, ерекше көңіл бөлетін құбылыс екендігіне назар аударсақ екен.


Осыдан үш жыл бұрын студенттік отряд құрамында белорус жеріне барып қайтқанымыз бар. Осы сапарда Минск қаласының метросында тек белорус тілінде хабарлағаны есімде. Біз бір-екі күннен соң-ақ стан- цияларды белорусша жаңылмай айтатын болдық. Мəселен, «Наступная станцiа площа Якуба Колоса» деген жағымды үн құлағымыздан əлі кет- пейді. Ең бастысы: кімнің жерінде жүргеніңді, сол халықтың тілі мен өзіндік ерекшелігін сезініп тұруда. Ал Балтық жағалауындағы елдердің көшелерінен орысша жазуды табу, орысша сөйлесуді кездестіру қиын. Туыстарымыздың бұл ісі – өз халқын таныту, елін құрметтеу, өзіндік ерекшеліктерін сақтау үшін саналы түрде істелген игі істері екеніне еш күмəніміз жоқ. Бізде керісінше екенін дəлелдеп жатудың өзі артық. Қала көшелеріндегі орыс тіліндегі ұрандар, əр түрлі мекемелер мен көпшілік орындар маңдайшаларындағы жазулар əлі де жөнге келіп бітер емес. Азын-аулақ өзгерістерге көңіліміз тоқ сияқты. Əйтеуір түбінде бір қал- пына келер деп, «ұзын арқан, кең тұсаумен» жүре беретін ыңғайымыз байқалады. Жанға қатты бататын жайдың бірі – өзара сөйлесу мəселесі. Өз тілінде тілі күрмеліп қалатын немесе мүлде тілдері икемге келмей- тіндерді былай қойғанда, тілді жақсы білетін ағайындарымыздың өзі көпшілік орындарда сөйлескенде ескі əдеттен арыла алмай-ақ келеді. Республикалық «Қазақ тілі» қоғамы көтерген «Қазақпен қазақша сөйле- сейік» деген ұранды көпшілік орындар мен қоғамдық көліктердің бəріне іліп қойғың-ақ келеді. Біз бұл тұста бір күнде «коммунизм» орнатайық деп отырған жоқпыз. «Асықпаған арбамен қоян алады» деп жүргенде сол қояны құрғыр қыр асып кете ме дейміз. Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың:


... Асығу керек,


Тындыру керек барлығын, Ешкімнің күтпей жарлығын. Апармай кешке асығу керек,


асығу,


 


Түстегі ісіңнің қалдығын..., –


деген өлең жолдары ойға оралады. Өз тілімізде өзіміз сөйлемей тұрған- да, қалайша оны өзгеден талап етуге қақымыз бар? Анасы мен баласы- ның өзге тілде сөйлесуі – жанға батарлық-ақ жай. Жат жанынан түңіл- гендей өзімізді-өзіміз сыйлай білейік, ағайын.


Біздің айтып отырған қоғамдық көліктегі хабарлама жасау мəсе- лесі де осы мақсаттағы істердің бірі деп түсінеміз. Жоғарыда айтқан батыстағы бауырларды былай қойғанда, көршілес өзбек туыстардан бізге көп үлгі алу керектігін ұмытпайық. Біздің астанамыз Алматы да нағыз қазақ халқының төл астанасы екенін сездіріп тұрса, несі айып? Қолымыздан келгенше бұған күш салу əрбір азаматымыздың боры- шы ғой.


Екіншіден, қазақ тілін білмейтін (білгілері келмейтін) өзге ағайындар да қайда тұратындарын, су ішіп жүрген құдықтары кімдікі екенін (олар- дың мұны əлі сезбейтінін жасырудың жөні жоқ) сезінуіне əсер ететіні анық. Осы мəселені тиісті органдар қолға алса екен демекпіз. Бұл əңгіме бұған дейін де талай айтылған еді. Тиісті органдар нəтиже шығарғанша


«ешкінің құйрығы көкке жете ме...» кім білсін.


Біздің ұсыныс: қалалық көліктің жүргізушілерінің біразы қазақтың ұл-қыздары екені белгілі. Осы азаматтардың ешкімнің бұйрығын, жар- лығын күтіп жалтақтамай-ақ, хабарлауды (тілдерін бұрап орысшала- май-ақ) қазақша жасай беретін күн жетті емес пе?! Əлде үналғы (маг- нитофон) таспасына жазып бергенді күтіп отыра береміз бе? Орыстілді жүргізушілердің «көлік ішінде осы өлкенің тұрғылықты халқы қазақтар да отыр-ау» деп үналғысыз қазақша хабарлама жасағанын біз еш уақыт- та естіген емеспіз. Олардан үміт күтуіміздің шеті мен шегі тағы бола қоймас. Ендеше неге алаңдаймыз, кімге жалтақтаймыз? Қазақстандық орыстілді тұрғындардың тілімізді білулері міндетті екенін ескерсек, келімді-кетімді қонақтар бұған өкпелемейтіні хақ. Есіктен кіре салып,


«төр менікі» деулері орынсыз-ақ. Біз Мəскеуге барғанда қазақша хабар- лама жасамады деп сөкпейміз ғой. Олай деуге ешқандай хақымыз жоқ. Ендеше орыс ағайындар мұны неге ойламайды? Сонымен, «Тоқсан ауыз сөзіміздің тобықтай түйіні»:


Қадірменді жүргізуші бауырлар! Қоғамдық көліктегі хабарламаны қазақша жасасаңыздар дұрыс болар еді.


«Теңіздің тамшыдан құралатыны» сияқты, ел болуымыздың өзі əр азаматтың азаматтық борышын өтеуінен, халқымыздың игілігіне қосқан кішкентай болса да септігі тиер саналы əрекетінен басталатынын тезірек түсінсек екен!


Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері


«Ана тілі» газетінің 6 нөмірі, 1992 жылғы ақпанның 13-і.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу