Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  300


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Қыдырма

Соғамын туған жерге қайта-қайта,
Бір себеп бар, тіл білмес сырын айта.
Қыдырсам өзен бойлап, жапа-жалғыз,
Көреді онымды ерсі туған тайпа.
«Ауылымыз, – дейді бір шал, – майда қала,
Алдымен сен келесің айдалаға.
Бар мүлкің қалтаңдағы тіс тазартқыш,
Жарар ма су басында шайнамаға?!»
Керінбей қалмас түзде кісіде мін,
Мен сұрау белгісіне түсінемін.
Сонда да түзде жортпай тұра алмаймын,
Асырар арыстандай күшігенін.
Баланы собық тігіп, жарыстырған,
Күндерді шалдың осы алыс қалған.
Тігілер бәйгеге енді собықтай сом,
Бұйырды қалам-ұшы жарыс маған!
Барайын аулыңа өзім шаршағанда,
Шағымды бала жарыс аңсағанда;
Жатайын аунап-қунап тал күркеңде,
Осы деп аяулы жер жер шарында!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу