Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  299


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖАУҺАР ЖЫРДЫҢ СӘУЛЕСІ

Дәні болса басында – сабағында,
Кімде мұң жоқ боз қырау қабағында.
Сенің сәулең түссе елге,
Тұрған жоқ па,
Жауһар жырдың сәулесі жанарыңда.
Тұлпарлардың дүбірін тыңдап жатып,
Жетілгенмін
жүгірем нұр таратып.
Менен ескен бір көктем гүлін жарып,
Тұрған шығар кеудеңде жұпар атып.
Сені қолдап жүрсе егер есті ағайын,
Думан, тойдан мен қалай кеш қалайын.
Нұрға айналып барасың
Саған қарай
Жауһар жырдың сәулесі ескен сайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу