Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.04.2022
121
ТІЗГІНІН БЕРСЕ ӘЛЕМНІҢ...
Арғымақ мінген жаратып,
Жалғанда жалғыз ағайым.
Әлемге сәуле таратып,
Аспанда жүзген арайым.
Ту етіп рухын жұртымның,
Көкірегінен өжет от өрген, –
Тұтқасы сенсің ұлтымның
Ғаламның жүгін көтерген.
Ұйқыға кетсем жайланып,
Көремін ылғи түсімде.
Жүресің нұрға айналып,
Көгілдір әлем ішінде.
Қаратаудың жиып қуатын,
Алатауда өскен шынарсың.
Ғасырда бір-ақ туатын
Ғасырдың ұлы шығарсың.
Жеткенде бұла шағыңа,
Тағдырын ойлап жерімнің, –
Жайғастың алтын тағыңа
Азаттығы болып елімнің.
Үстіңе жүгін мол артқан,
Сіз барда елің еңселі.
Болашаққа көшің жол тартқан
Сенімнің сынбай семсері.
Кеудесінен бір жыр басталып,
Құрметтейді Сізді бәрі елдің.
Кетер ең еркін басқарып,
Тізгінін берсе әлемнің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter