Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.04.2022
102
ШАЛА ҚАЗАҚ
Бабалардың ұмытпай мұң шеккенін,
Арман бар ма жайқалып тұрса еккенің.
Кейбір шала қазақтар әлі күнге
Бодандықтың жүр киіп сұр шекпенін.
Еті үйреніп құлдықтың шекпеніне,
Жат бауыр боп шынымен кеткені ме?
Ормандарға жүрсе егер қарап ұлып,
Қалай тұтқа болады текті еліне .
Бостандықтың ботасы боздағанда,
Қырғын салған аң аулап боз даламда,–
Мәңгүрттердің көргенде мәңгүрттігін
Бөрі ашуым қайтеді қозбағанда.
Құлагердің құрық сап құлынына,
Көтерілген сұм қанша тұғырына.
Шала қазақ – жау шығар іштен шыққан
Тас лақтырған көлімнің тұнығына.
Мұхиттарға салғалы өр кемені,
Жанталасқан шығармай төрге мені,–
Шала қазақ тегінде шала шығар
Жүрген елдің орманын өртегелі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter