Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  125


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАТЕЛІГІН ҚОҒАМНЫҢ ТҮЗЕТКЕНДЕ


Хақ тағала ешқашан қателеспейді,
Жер бетіне ол жақтан қатер еспейді.
Бауыр көрсе бір-бірін қатал қоғамда
Неге адамның көзіне жат елестейді.
Қыран құсын түлетіп дала ұшырғанда,
Дүр дүние дөңбекшіп аласұрған ба.
Хақ тағала адамды жолға салатын
Қарау қоғам жолынан адастырғанда.
Нар қазақтың туса да бағына ақыны,
Құлдық ұрып, бір Алла табынатыны.
Тегін емес қоғамы азаптағанда,
Адамдардың құтқар деп жалынатыны.
Тәуелсіздік еліме іздеп келгенде
Қуанбас ем, құлдықтың сызы өтпегенде.
Қазақ бостан болмас ед
Алла-Тағала
Қателігін қоғамның түзетпегенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу