Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  299


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖҰМБАҚ ЖАН

Бар кезде Сіздей ағасы,
Тозған ба елдің жағасы.
Қазанат мінбей тұра ма,
Азамат ердің баласы.
Тағыңнан, Аға, түспегін
Жазылмай қазақ жарасы.
Жұртпыз ба, қайдам, дауға ерген,
Туғандар тауда – тауда өлген.
Дос көрсе түрік түрікті,
Қазақты қазақ жау көрген.
Неліктен бұлай, жан Аға!
Жүрме әлде симай далаға.
Бірінің бірі қарасын
Өшірмек жердің бетінен
Ере алмай жүріп қараға.
Кетпейтін түнде түсіңнен,
Жау жаман шыққан ішіңнен.
 Бейбақтың мен де бірімін,
Өзіңді кейін түсінген.
Түсімде Сізге барғанда,
Сөйлеймін қалмай арманда.
Өңімде қолым жетпеді,
Басыма бейнет салғанда.
Жұмбақ жан, мүмкін, боларсың,
Түсіну қиын жалғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу