Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.04.2022
132
ТАҚ ҮСТІНДЕ ӨЗІҢІЗ ОТЫРҒАНДА
Кімнің қандай екенін ел біледі,
Аға, туың биікте желбіреді.
Саясаттың бүгінгі серкелері
Партиядан партияға секіреді.
Тобын бастай алмаған сол шіркіндер
Жұртын қалай ертеңге сендіреді.
Ару ана жоқ әлі арыс туар
Елдің іші неліктен селдіреді?!
Елдің Сіздей неге жоқ кемеңгері,
Тулап неге жатпайды тереңдері.
Ата қазақ ұқсайды кейде орманға
Өспей қалған бой түзеп емендері.
Сізден өзге жоқ шығар құзға асқаны,
Жадыраған қазақтың сұсты аспаны.
Анасынан адамдар туады ма
Билік үшін таласып, ұстасқалы.
Тамырында асау қан бұлқынғанда,
Тұрған еді бақ күтіп жұртыңды алда.
Ар жағынан жарқ етіп шыға кеп ең
Қара бұлты аспанның жыртылғанда.
Алтын таққа өзіңіз жайғасқалы,
Момын жұрттың есігін қайғы ашпады.
Тақ үстінде өзіңіз отырғанда
Туған елдің арайлы Айлы аспаны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter