Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.04.2022
228
НҰРЛЫ АЗАМАТ
Жасыл желек үстіне көмкерілген
Жоқта азамат арқырап өрде жүрген.
Қара басын ойлаған ел басқарса,
Елдің қара қазаны төңкерілген.
Қатер төнсе қасқайып қас қақпаған
Қайсар ұлдың көзінен жас ақпаған.
Рухы биік азамат ел басқарса,
Елдің рухы биіктеп асқақтаған.
Шілде ішінде мұз қатқан қабағына,
Жұрттың бәрі бұл күнде саналы ма.
Нұрлы азамат жарқырап басқарғасын
Туған елдің нұр тұнған жанарына.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter