Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  147


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Күйші сейтек

Атыраудың іргелі елі
Бесігіндей ертектің.
Күнде думан жүрген жері
Күй перісі Сейтектің.
«Заман-ай!» қай күйімен ол,
Өз заманын паш етті.
Сезеді адам күйігі мол,
Күйдің сырын құдіретті.
Сейтек шерткен қоңыр сарын
Көз жетпесті топшылар.
Демеп жұртты көңілі жарым,
Соқталыға соқтығар.
Ол туғанда қуанды аулы,
Бір пенде жек көрмеді.
Өсті шарлап Атырауды,
Ақ Жайыққа өрледі.
Қайда барса жуандардан
Қастандықты көп көрді.
Ол туғанда қуанғандар
Есейгенде жек көрді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу