Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  125


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Жаннаға!

«Ауырады жүрегім» дейсің, жаным,
Айтпасаң да түсіңнен кейпің мәлім.
Әкеңнің де сыздайды ет-жүрегі,
Ұлиды іші, мұздайды, текке үреді.
Емес сендей, біздің діл не көрмеген?
Жараланған түздік құл мергендерден!
Жүз жараға шыдаған ірі жүрек
Кейпіңе еріп барады тірі жүдеп.
Қалған қанын төгер ем болса дәрі,
Қуармастай бөбегім ендігәрі.
Өрісімде көгерген жалғыз шыбық,
Қос жүректен гүл жарса аңдыз шығып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу