Өлеңдер ✍️
Қырғыз халқының Президенті Асқар Ақай
Шамырқанып,
шамданып,
алау жұтып,
Асқар Ақай отырған алабұртып...
Түкпірінен түрменің көрінеді,
Асқаровтың тұлғасы қарауытып.
Бірі, сірә, болармын көп датқаның,
Қатын сотым –
жүректен оқ па атқаным?
Қазақ, қырғыз бір туса
Арды ойламай
Өз ағамды бұл қалай соттатқаным.
Құрақ ұшып алдыма асын тосқан,
Шамырқанса найзағай – жасынды осқан, –
Қазағыма қараймын қай бетіммен
Төскейде – мал,
төсекте басын қосқан.
Мәскеу – жердің кіндігі, өркеші ме?
Өзге ұлттардың айналған серкесіне...
Бауырыма Бостандық бере алмасам,
Президент боп сайландым мен несіне.
Сүйікті ұлын соттатсам сүйікті елдің,
Бірі, бәлкім, болғаным күйікті ердің.
Азамат боп мен қалай жарқылдаймын
Құзырынан ақ шаңқан биіктердің.
Тірліктің керегі не қайшыласқан?
Жылға ұласқан тартысы, айға ұласқан.
Көптігіне сенбесе
Алты Алаштың
Қалың орман орыстың қай шыңы асқан?!
Қара бұлт боп көгімнен төнген күнде,
Диназавр – СССР өлген мүлде, –
Жалғыз көзді дәуге де ұқсаушы еді,
Өзге ұлттарды ұстаған шеңгелінде.
Жебе боп та төбемнен жауып тұрған,
СССР жоқ –
қаруын қауіп қылған.
Шынымды айтсам, Аллаға, мың рақмет,
Дүние-әлемді дертінен сауықтырған.
Замананың соққанмен дүркін желі,
Өз билігім өзімде бұл күндері.
Асқаровқа Бостандық бердің деп те,
Нысанаға да алар, мүмкін, мені.
Елім тектес,
қазақпен жерім шектес,
Семсер емен өзгенің кегіне өтпес.
Босатамын ағамды,
неден қорқам,
Шегірткеден сескенген егін екпес.
Туа бермес қай ел де серке күнде,
Асқар Ақай азамат ер тегінде.
Президент атынан жарлық беріп,
Асқаровты босатқан ертеңінде.
Тау көріп те төсінде дамылдаған,
Ардақ тұтып арнайы қабылдаған.
Тозақ отын кешсе де төрт жарым жыл
Жігер көріп көзінен шағылмаған, –
Асқар Ақай сол жолы қайран қалған:
«Күш-қуатты осынша қайдан алған?
Асқаровтың тұқымын құртпақ болған
Құдіреттің қайта өзі ойрандалған.
Кісі ұқпайтын жұмбағың көп-ау сенің,
Айналайын атыңнан, қайран Жалған!»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter