Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.04.2022
296
Ұрпақ үні
Жарқыраған жұлдыз боп ел көгінде,
Асан аға,
көп шығар еңбегің де.
Қадіріңе жетпесе өлеміз бе,
Қайыспағын,
қайтпаған ер тегінде.
Қабан ұстап тұрғанда тізгініңді,
Өзің қалай үзбексің түз гүліңді.
Тас қоғамда күн кешсең
кім естісін
Шырқыраған жан дауыс –
ізгі үніңді.
Қайғырмағын ез құсап естен танып,
Жатқан кезде қайтадан өшкен жанып.
Партиядан шыққандар өлген жоқ қой,
Күнге қарай бет алған көштен қалып.
Ұят болды жасыңның төгілгені,
Ұят болды жаныңның егілгені.
Партиядан өзіңді шығарғаны –
Партияның іргесі сөгілгені.
Қайта-қайта танасың неге есіңнен,
Асылдардың жаралсаң денесінен.
Қызыл қанға боялған партбилетті
Ұрмайсың ба, жан аға, енесінен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter