Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  100


Автор: Рафаэль Ниязбек

ОТАНЫМ МІНБЕДЕ ТҰР

Тәніне түскен небір жараны ашпай,
Бәріне көніп кепті-ау дала саспай.
Дүние –
Араздасқан ағайын ғой
Отырған алшақ-алшақ араласпай.
Дауын да, дамайын да талай басып,
Келеміз әлі күнге қарайласып.
Ала ауыз ағайынға билік айтқан
Отаным мінбеде тұр арай шашып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу