Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.04.2022
289
Шалқыған қараңғыда айдай аян
Шалқыған қараңғыда айдай аян,
Мен Қозы – Көрпешпін де, өлең – Баян.
Қодардай қызғаншақта қанжар бар деп,
Мен қалай махаббатта серттен таям?!
Баяным, мен мерт болсам, сен өлмеші,
Жамылып қара шәлі көлеңдеші.
Үміттің жетім қалса балапаны,
Бүркіттің баласындай кемелденші.
Ақында өлім егіз, өмір жалқы,
Егізі қалса сыңар, білер халқы.
Сапардың сонарында сорғалаған
Қаламның қанды ізі боп жатар арты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter