Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  131


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Сарнаған сары жазда сары аурудай

Сарнаған сары жазда сары аурудай,
Ақ қыста ыңқылдағап кәрі аурудай;
Қажайды көңіл қамын қамсыз түнде
Шалғайдан талмаураған сазды сырнай.
Жеңгедей әлдилейді сиқыр сырнай,
Балдыздай шымшылайды ұйқы қимай;
Екеуі қашады ылғи таңды арайдан,
Жабықтым жаяу қалған жылқылыдай.
Көңілдің ұйқылы-ояу өмірі тар –
Жеткенше таңғы арайға болады зар!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу