Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.04.2022
310
ҚҰРМЕТТЕҢДЕР КӨКТЕМДІ
Тыңда мені, көк пен жер,
Тыңда мені, мұратына жеткендер.
Соғыс жылы туғандардың бәрі де,
Соғыс жылғы көктемдер.
Ұмытуға болмас, сірә, өткенді,
Қанша халық сол күндерге кектенді.
Көктемменен көгеремін десеңдер
Ей, адамдар!
Соғыс жылы туылған
Құрметтеңдер көктемді!
Қамданбаған жандарды да жолға аса,
Айып па екен ел-жұрт болып қолдаса.
Ең әуелі көктер ме еді Тіршілік
Егер көктем болмаса.
Сондықтан да, сірә, ұмытпай өткенді,
Ей, адамдар!
Соғыс жылы туылған
Құрметтеңдер көктемді!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter