Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.04.2022
283
ҮЛГІЛЕР
Жаулар қанша жеңіліп, майып болған,
Ар сотында бәрі де айыпталған.
Соғыс содан –
Ажалдың жәрмеңкесі
Қилы-қилы өлімді жайып салған.
Қайыстырып қайғымен уақыт белін,
Табыт бола жаздады-ау жақұт-төрің.
Соғыс жылы
Қасқайып өзің үшін
Өлгендердің бәрі де бақытты, Елім!
Соларды айтсам гүл атып өңірімнен,
Көтерілген мұнара көңілімнен.
Өлімімен де қалыпты-ау үлгі болып,
Үлгі бола білгендер өмірімен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter