Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  155


Автор: Рафаэль Ниязбек

СӘБИ

Жамбасында жөргегі мың тапталып,
Жатты сәби төсекте құндақталып.
Шыңғырады жүрегі әлде не деп
Қос жанары көз жасы – мұңға апталып.
Тұрсын мейлі дүние дүрліккелі,
Бала, Ананың тозбайды бірліктері.
Босануға жас сәби бұлқынады
Қарсыласу Заңымен Тірліктегі.
Мойындаған шындық бұл ел тегіннен,
Өскенімен көгеріп жер, көгімен.
Барша адамның ойласам бұлқынысы
Басталады екен-ау жөргегінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу