Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  163


Автор: Рафаэль Ниязбек

СЫР АЙТСАМ КЕЙДЕ...

Тартады ылғи бір жылпос сөзге мені,
Сыр сұрайды,
Сұрасын өзге нені.
“Ашық ауыз” деп күлмек былай шыға
Не болды екен жазғанның көздегені.
Қалың күпі кигендей тоңбасам да,
Тұйықталам –
Қаншама толғасаң да.
Сол жылпосқа сыр айтып не жыным бар,
Сырға берік тісқаққан болмасам да.
Сыр айттым ба –
Кетеді дүркіретіп,
Болмай жатып арада бір күн өтіп.
Сосын ертең тұрғаным ақтала алмай
Әлдекімнің алдында дір-дір етіп.
Жоламаймын сондықтан сырын біліп,
Жүрмесіне кім кепіл ұрындырып.
Келсе егерде қолынан
Өз үйіне
Алар еді күннің де нұрын бұрып.
Көктем болып көгертпей боз даласын,
Қайдан білсін ондайлар өз бағасын.
Жасап жүрген әшейін қыры шығар
Көңілінде күншілдік қоздағасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу