Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.04.2022
111
КЕҢ ДАЛАНЫҢ ӨЗІ ДЕ...
Жүрме қайбір өңірде,
Әр түрлі боп кезігеді темір де.
Тереземіз тең дегенмен,
Алайда,
Сан алуан адамдар бар өмірде.
Жүрме қайбір өңірде,
Бірдей нәрсе жоқ, ендеше, өмірде.
Сан алуан пәле қоздап
Жатпасына кім кепіл
Сан алуан көңілде.
Бірдей емес ендеше
Қарағанмен құмартып,
Көз ұшында тұрған таулар мұнартып.
Байлығы егер болмаса
Ал олардан қашан да
Қазыналы тай төбелер мың артық.
Шалғын шашы самал желмен таралған,
Күн көзінен,
Ай нұрынан нәр алған, –
Кең даланың өзі де
Ойлы-қырлы жаралған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter