Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  355


Автор: Рафаэль Ниязбек

СҰР БОЙДАҚТЫҢ ӘНІ

(Әні бар)
Шуақ көрмей қыздардың көз-күнінен,
Жетілмейді жігіттер өздігінен.
Гүл атпаған сояудай жүрмін жалғыз
Жеміс-жидек піскенде мезгілімен.
Жалған-ой,
Гүл атпаған сояудай жүрмін жалғыз
Жеміс-жидек піскенде мезгілімен.
Қыз мінезі кейде осы көз көргелі,
Таулы өлкенің күніндей өзгермелі.
Бүгін тағы бұрылып кете барды
Кеше ғана “сүйдім” деп сөз бергені.
Жалған-ой,
Бүгін тағы бұрылып кете барды
Кеше ғана “сүйдім” деп сөз бергені.
Жолаушыдай жол жүрген түнделетіп,
Күндер өтіп барады, күндер өтіп.
 Бойдақтықпен өткізіп өмірімді
Қояр ма екен қарттықты мінбелетіп.
Жалған-ой,
Бойдақтықпен өткізіп өмірімді
Қояр ма екен қарттықты мінбелетіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу