Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  122


Автор: Рафаэль Ниязбек

ДӘРІГЕР ҚЫЗҒА

(Әні бар)
Нұр ұшқындап мөлдір қара көзіңде,
Жарқыл қағып жүресің – ау өзің де.
Аққу құстың өзі ме екен деп қалам,
Халат киіп шыға келген кезіңде.
Аққу десе,
Аққусың-ау өзің де.
 Дала кезіп,
Кезіп және өңірді,
Жабырқаған көтермедің көңілді.
Арпалыспен келеді өтіп күндерің
Ұзартам деп әні біткен өмірді.
Нұрлы өмірің сонысымен көңілді.
Сыртқа бұра көрмеші, айнам, бетіңді,
Бұл кезеңде жан жоқ сенен өтімді.
Сырқаттардан сәл ұзасаң ажал да
Есік ашып кіріп келер секілді.
Сондықтан да жан жоқ сенен өтімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу